| 30.05.2022 |
|
2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының
Орталық референдум комиссиясының кезекті отырыс өтті
Ү.ж. 30 мамырда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Бас прокуратураның, әділет, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ БКБ режимінде аумақтық референдум комиссиясының мүшелері және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің аппарат басшылары қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының қабылданған құқықтық актілері туралы»;
2. «2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдум өткізу кезінде covid-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы»;
3. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру күніне дайындық барысы туралы»;
4. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы».
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес референдумды өткізу кезінде республиканың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары оған қатыса алатынын хабарлады. Олардың өкілеттігін Орталық референдум комиссиясы куәландырады.
Осыған байланысты 26 мамырда Орталық комиссия «Республикалық референдум өткізу кезінде республиканың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын қабылдады және ол ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
Қабылданған ережелерде республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру үшін учаскеге өкілдерді жіберетін қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелуге жатады деп көзделген.
Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ғана қоғамдық бірлестіктің өкілі бола алады.
Қоғамдық бірлестік өкілінің өкілеттігі оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылады. Бұл құжат өз өкілін жіберген қоғамдық бірлестіктің мөрімен расталады.
Өкілеттіктер туралы құжат учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға тіркеу үшін қоғамдық бірлестік өкілінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы ұсынылады.
Учаскеде бір мезгілде дауыс беруге арналған бір қоғамдық бірлестіктен бір ғана өкіл бола алады.
Өкілдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді.
ОРК Төрағасы Нұрлан Әбдіров шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары тарапынан аккредиттеу бойынша түйткілді мәселелер жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар, Орталық комиссия жекелеген қазақстандық қоғамдық қорлардан референдум өткізу кезінде олардың өкілдерінің қатысу мүмкіндігі туралы, басқа қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен тең дәрежеде жазбаша және ауызша сауалдар алған. Аталған сауалдар тиісті уәкілетті орган – ҚР Әділет министрлігіне жолданған.
Күн тәртібіндегі мәселе аясында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Қоғамдық қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің дауыс беру учаскесіне қатысуға құқығы туралы» баяндама жасады.
Алма Мұқанова хабарлағандай, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес ҚР саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңнамаға қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Осылайша, коммерциялық емес ұйымдар тек қоғамдық бірлестік түрінде ғана емес, әр түрлі формада құрылуы мүмкін.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңда референдум өткізу кезінде республика қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады, олардың өкілеттігі Орталық референдум комиссиясы белгілеген тәртіппен куәландырылады.
Осылайша, референдум туралы заңда қоғамдық бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдардың басқа нысандарының қатысуына тікелей тыйым жоқ.
Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров уәкілетті орган – Әділет министрлігінің дауыс беру учаскесіне қоғамдық қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері және басқа да нысандағы коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысу құқығы туралы ресми ұстанымы бар екенін атап өтті.
ОРК Төрағасы «Дауыс беру күні қоғамдық бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдардың басқа да нысандарының өкілдері жүгінген жағдайда, дауыс беруге арналған үй-жайда болу үшін оның өкілеттігін растайтын құжаттар болған кезде учаскелік комиссиялар оны тіркеуге құқылы» - деп атады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аясында Асылбек Смағұлов «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген Орталық референдум комиссиясының құзыретіне сәйкес «Республикалық референдум құжаттарын сақтау ережесін бекіту туралы» қаулы дайындалғанын хабарлады.
Ереже құжаттар кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсырыла отырып, Орталық референдум комиссиясында мынадай сақталуға жататынын көздейді: Орталық комиссиясы отырыстарының қаулылары, хаттамалары; референдумның нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссияларының хаттамалары; референдумның орталық комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында референдумның қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейін тиісті мемлекеттік мұрағаттарға: аумақтық референдум комиссияларының қаулылары мен хаттамаларын жібереді; аумақтық референдум комиссияларына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ұсынады.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген түрде, оның ішінде күші жойылған жекелеген бюллетеньдерді, сондай-ақ референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін және олардың құжаттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың референдум комиссиялары Орталық референдум комиссиясына табыс етеді. Онда референдумның қорытындылары жарияланғаннан кейін бір ай ішінде құпия ақпарат құқығында сақталады, ал оларға қоса берілген құжаттар Орталық референдум комиссиясына жіберіледі, содан кейін жойылады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова сөз сөйледі.
Баяндамашы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» қаулы әзірлегенін атап өтті.
Алгоритмге сәйкес референдум өткізу кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:
1) референдумға қатысушылардың жиналуына жол бермей, олардың әлеуметтік алыстаудың сақталуын қамтамасыз ете отырып, олардың ағынын реттеу болып табылады;
2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;
3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайды тұрақты желдетуді жүргізу;
4) дауыс беру басталар алдында және қажеттілігіне қарай күн ішінде үй-жайды желдетуге міндетті;
5) дауыс беру басталар алдында және қажеттілігіне қарай күні бойы жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды жинауды, үй-жайлар мен барлық жұмыс беттерін дезинфекциялауды жүргізуге міндетті.
Қарау қорытындысы бойынша денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы ОРК мүшелерімен бірауыздан келісілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе шеңберінде аумақтық референдум комиссияларының және әкімдіктердің өкілдері өңірдегі дауыс беру күніне әзірлік барысы туралы, атап айтқанда: азаматтарды хабардар ету және азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету жөнінде қабылданған шаралар туралы; учаскелік комиссиялардың тізімдерді нақтылау жөніндегі жұмысы туралы; учаскелерде азаматтар үшін жағдай жасау жөнінде қосымша шаралар қабылдау туралы, бюллетеньдерді дайындау туралы; өзге де дауыс беру уақытын белгілеу туралы комиссиялар қабылдаған шешімдер мен басқа да мәселелер туралы хабардар етуге міндетті.
Сондай-ақ, отырыста цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов 3 ақпараттық ресурста іске қосылып отырған «ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» сервисінің жұмыс барысы туралы ақпарат берді: https://www.gov.kz/referendum; https://referendum.gov.kz/; https://referendum2022.gov.kz/. Ол министрлік SMS-хабарламаны қайта ұйымдастырғанын хабарлады.
Осы сияқты қызметтер Kaspi.kz және Қазақстан Халық банкінің Homebank қосымшаларында ла жұмыс істейді.
Отырыстың төртінші мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады.
Ол 2022 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумды халықаралық байқау институты ашылғанын хабарлады.
2022 жылғы 30 мамырда сағат 18:00-де Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеуді аяқтады.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрт қаулысымен республикалық референдум өткізуге 272 халықаралық байқаушы аккредиттелді, оның ішінде:
11 халықаралық ұйымнан 209 байқаушы аккредиттелді, оның ішінде:
- ТМД Байқаушылар миссиясынан -144 байқаушы, оның құрамында ТМД Атқарушы комитетінен - 79 байқаушы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан – 57 байқаушы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясынан-8 байқаушы;
- ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды бағалау миссиясынан – 10 байқаушы;
- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы байқаушылары миссиясынан – 17 байқаушы;
- Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының референдумды Бағалау жөніндегі миссияларынан – 20 байқаушы;
- Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылары миссиясынан – 5 байқаушы;
- Ислам ынтымақтастығы ұйымы байқаушыларының делегациялары – 4;
- Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Халықаралық Түркі Академиясынан 3 байқаушыдан бар.
25 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттелді, оның ішінде: бес шет мемлекеттен - 1 байқаушыдан (Палестина, Солтүстік Македония, Тайланд, Швеция, Эстония); жеті шет мемлекеттен – 2 байқаушыдан (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Латвия, Нидерланды, Ресей, Франция); он шет мемлекеттен - 3 байқаушыдан (Армения, Венгрия, Грузия, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Жапония, Иран, Германия, Индонезия); екі шет мемлекеттен – 5 байқаушыдан (Ұлыбритания және Түркия); Қырғызстаннан – 4 байқаушыдан.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





