| 30.05.2022 |
|
Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы үшінші қаулыны қабылдады
Бүгін, 2022 жылғы 30 мамырда, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында – 30 байқаушы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан – 40 байқаушы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясынан (ҰҚШҰ ПА) – 8 байқаушы, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан (ШЫҰ) байқаушылар миссиясының құрамында – 17 байқаушы, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) референдумды байқау жөніндегі Миссиясының құрамында – 20 байқаушы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының құрамында – 4 байқаушы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) пен Халықаралық Түркі Академиясынан– 3 байқаушыдан, сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Латвия, Мажарстан, Нидерланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания,Швеция және Жапониядан - 28 байқаушы аккредителді.
Осылайша, бүгінгі таңда Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 258 байқаушыны аккредиттеді.
Аккредиттеуге ұсынымдардың түсуіне қарай байқаушылар туралы деректер жаңартылатын болады.
Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу бүгін 2022 жылғы 30 мамырда сағат 18:00-де аяқталады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
