| 26.05.2022 |
|
ПРЕСС-АНОНС
2022 жылғы 27 мамырда Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары К.В.Петров пен Орталық референдум комиссиясының мүшесі С.С.Мустафинаның Алматы қаласына жұмыс сапары болады.
Жұмыс сапары шеңберінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша келесі іс-шаралар жоспарланып отыр:
а.ж. 27 мамырда сағат 10.00-ден 12:30-ға дейін №43 (Брусиловский көшесі 15 №34 Гимназиясы), №61 (Қарасай батыр к-сі, 205. №79 Гимназия), №254 (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы, 14), №378 (Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Абай даңғылы, 8), №91 (Қабанбай батыр көшесі 128 №25 Гимназия) cайлау учаскелерінің референдум учаскелеріне бару.
а.ж. 27 мамырда сағат 14.30-дан 16.30-ға дейін республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтеді, онда мына мәселелер қаралатын болады:
1. «Республикалық референдум: өзектілігі, ерекшеліктері, ұйымдастырылуы»;
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»;
3. «Республикалық референдум алдындағы үгіт мәселелері»;
4. «Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік»;
5. «Әкімдіктің дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін референдум комиссиясына беру жөніндегі жұмысы туралы»;
6. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру тәртібі туралы».
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 151 үй, "Concordia" театры, ҚазҰМУ.
БАҚ-ты аккредиттеу а.ж. 27 мамырда сағат 9.00-ге дейін +7 7017115495, +7 7014170416 нөмірлерлері бойынша жүргізіледі.
Баспасөз қызметі
тел. +7 701 711 5495
+7 701 4170416
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
