| 20.05.2022 |
|
20 мамырда ОРК төрағасының орынбасары К.В. Петровтың Ақтөбе облысына және ОРК мүшесі С.С. Мұстафинаның Ақмола облысына жұмыс сапарлары өтті
2022 жылғы 20 мамырда Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары болып өтті.
Константин Петров мемлекеттік органдар өкілдерінің, аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің мақсаты республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздерін түсіндіру.
Сапар аясында Ақтөбе облысының аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен оқыту семинары ұйымдастырылды. Константин Петров Ақтөбе қаласындағы учаскелік референдум комиссияларының жоспарлы жұмыс барысымен, оның ішінде азаматтар тізімін өзектендіру, мүгедек адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін учаскелерді жабдықтау бойынша қосымша шаралар мәселелерімен танысты.
Осы кездесулердің қорытындылары бойынша учаскелік референдум комиссияларының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды.
Сондай-ақ, аталған мәселелерді талқылау ағымдағы жылдың 21 мамырында Хромтау ауданының аудандық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен өткізілетін семинарда жоспарлануда.
Сол күні Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина Ақмола облысына учаскелік референдум комиссияларының жұмысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен барды.
Шортанды ауданында аудан әкімінің, аудан прокурорының, ішкі саясат бөлімі басшысының, аудандық полиция бөлімі, әділет басқармасы бастықтарының, аудандық аумақтық комиссия мүшелерінің, учаскелік референдум комиссиялары төрағалары мен хатшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Өткізілген оқыту тренингі барысында практикаға бағдарланған әдістерді қолдана отырып, комиссия мүшелерін даярлау жүзеге асырылды. Кәсіби құзыреттер іскерлік ойын түрінде пысықталған «Дауыс беру күні».
1995 жылы бірінші Республикалық референдумды ұйымдастыруға қатысқан Шортанды ауданы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Ерғалиев Сәкен Нұрымжанұлы референдумға дайындық және оны өткізу тәжірибесімен бөлісті. С.Н. Ерғалиев 30 жылға жуық уақытын сайлау жүйесі мен кадрлар даярлауға арнаған.
Сонымен қатар, Сәбила Мұстафина Біржан сал ауданы мен Бұланды ауданы учаскелік комиссияларының референдумға дайындығын зерттеді. Ағымдағы жылдың 21 мамырында Щучье ауданына инспекциялық сапар жоспарланған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





