06.05.2022 |
![]() |
ПРЕСС-АНОНС
2022 жылғы 6 мамырда сағат 15.00-де Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:
1. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы және құжаттарды сақтау тәртібі туралы»;
2. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде ақпараттандыру мәселелері туралы»;
3. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы»;
4. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы»;
5. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы»;
6. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету туралы».
БАҚ назарына! Отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша брифинг өтеді.
БАҚ тіркеу а.ж. 6 мамыр сағат 14.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 75-23-69, 8 (7172) 75-21-03, +77017115495 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: v.zheksembekova@election.gov.kz
БАҚ өкілдерін отырыс басталардан 30 минут бұрын келулеріңізді сұраймыз!
Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, мәжіліс залы 1 қабат.
Ортсайлаукомның интернет-ресурсында отырыстың онлайн-трансляциясы ұсынылады.
Баспасөз қызметі