| 05.05.2022 |
|
ПРЕСС-АНОНС
2022 жылғы 6 мамырда сағат 11.00-де Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:
1. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері»;
2. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы»;
3. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізуді ақпараттандыру және жария ету жөніндегі БАҚ аккредиттеу мәселелері туралы»;
4. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт-насихат жүргізу туралы»;
5. «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы».
БАҚ назарына! Отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша брифинг өтеді.
БАҚ тіркеу а.ж. 6 мамыр сағат 10.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 75-23-69, 8 (7172) 75-21-03, +77017115495 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: v.zheksembekova@election.gov.kz
БАҚ өкілдерін отырыс басталардан 30 минут бұрын келулеріңізді сұраймыз!
Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, мәжіліс залы 1 қабат.
Ортсайлаукомның интернет-ресурсында отырыстын онлайн-трансляциясы ұсынылады.
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69, 75-21-03
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
