| 29.04.2022 |
|
ҚР ОСК өкілдері A-WEB оқыту бағдарламасына қатысуда
2022 жылғы 20-29 сәуір аралығында республиканың сайлау саласының өкілдері Корея Республикасы Үкіметінің қолдауымен Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (A-WEB) ұйымдастырған Сайлауды басқару әлеуетін арттыру бойынша «Саяси қаржыландырудың ашықтығын арттыру» тақырыбындағы Бағдарламасының 1-ші кезеңіне қатысты. Оқыту курсы сайлау қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және саяси қаржыландырудың ашықтығын арттыру мен құқықтық білім беру проблемаларын шешу жолдарын зерттеуге бағытталған.
Оқыту бағдарламасы қаржылық есептілікті жүргізуді жоспарлау мен іске асырудың стратегияларын және алгоритмдерін әзірлеуге бағытталған, сондай-ақ бірқатар мемлекеттердің шетелдік тәжірибесі контекстін ескере отырып, сайлау процесіндегі тиімділік пен ашықтық үшін қаржылық есептіліктің ашықтығын арттыруға ықпал етуге арналған. Бірінші кезеңде қатысушылар Оңтүстік Корея, Литва Республикасы, Мальдив Республикасы, Молдова Республикасы сияқты бірқатар мемлекеттердегі сайлауды қаржыландыру мен саяси партияларды қаржыландырудың заңнамасымен және тәжірибесімен танысты, сондай-ақ саяси қаржыландыру жөніндегі есептердің тиімділігін арттыру үшін қажетті негізгі қаржылық тәсілдер мен құралдарды зерттеді.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасы мен Мальдив Республикасы сайлау органдарының өкілдері қатысты.
Екінші кезең 2022 жылдың 21-30 қыркүйегінде өтеді, оның барысында қатысушыларға саяси қаржыландырудың ашықтығын арттыру шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметін және есептерді тексеру тәсілдерін қарастыру мен талқылау мүмкіндігі беріледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



