| 28.04.2022 |
|
Ортсайлауком 2022 жылғы 28 сәуірде болған Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындыларын белгіледі
Ү.ж. 28 сәуірде Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа бейнеконференцбайланыс режимі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова қатысты.
2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясында Парламент Мәжілісінің депутатын сайлау өтті. Мәжіліс депутаттығына 2 кандидат сайлауға түсті.
Сайлау қорытындысы бойынша ОСК мүшесі Сабила Мұстафина баяндама жасады.
Баяндамаға сай, «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 93-1 және 94-1-баптарына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.
Дауыс беруге 527 сайлаушының 425-і қатысты.
Дауыстарды санау нәтижелері Нұр-Сұлтан қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгіленді. Мәжіліс депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария етілді және ҚР ОСК-ға жеткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-бабына сәйкес Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде белгілейді.
Конституциялық заңның 9-бабына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 28 сәуірде болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» қаулы қабылдады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 9, 12, 44, 97 баптарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Закиржан Пирмухамедович Кузиевке 259 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 60,94 проценті берілді;
Виталий Ионо Тварионасқа 128 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 30,12 проценті берілді.
Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып Зәкіржан Пірмұхамедұлы Күзиев сайланды.
2022 жылғы 28 сәуірде өткен шығып қалғанның орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау қорытындылары туралы ОСК-ның ресми хабарламасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


