| 19.04.2022 |
|
2022 жылғы 17-18 сәуірде Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды
Ортсайлауком Басшысы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.
2022 жылғы 17 сәуірде Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы №189 сайлау учаскесінде болып, ауылдық округ әкімінің сайлану барысымен және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен танысты.
Ол ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ауыл әкімінің сайлауына қатысты пікірлерін сұрады.
Ауыл тұрғындары бұл маңызды күн екенін атап өтті, өйткені олар алғаш рет ауыл әкімін баламалы негізде өздері сайлау құқығына ие болып отырғандарын тілге тиек етті.
2022 жылғы 18 сәуірде «Қоғамдық келісім» ғимаратында Нұрлан Әбдіровтің саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір жетекшілерімен, блогерлермен, Павлодар облысының сайлау комиссияларының үшелерімен үлкен кездесуі өтті. Іс-шараға 300 адам қатысты.
Сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесін жетілдіру мәселелері төңірегінде белсенді түрде пікір алмасты.
Жұртшылық өкілдері Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерінің саяси партиялардан міндетті түрде шығуы туралы айтқан бастамасын қолдады.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар өз байқаушыларын оқыту қажеттігі жөнінде қызу пікір алмасты.
ЖСДП филиалының төрайымы Ажар Сағандықова алдағы уақытта саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 5-тен 3%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Оның пікірінше, мұндай шара партиялардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін арттыруға және олардың заң шығарушы биліктің жоғары органындағы өкілдігін көбейтуге ықпал етпек.
«Қазақ зағип жандар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері егер жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларымен бірлесіп учаскелерге нақты қол жетімділікті және дауыс беру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етсе, онда мүгедектігі бар сайлаушылар үйде емес, учаскелерде тікелей дауыс беруге белсенді қатысатын болады, себебі олардың сайлау учаскелеріне бара отырып дауыс бергендері маңызды деген ойларын алға тартты.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының өкілі Фуат Сатыбаев барлық сайлау учаскелерін бейнебақылау құралдарымен жабдықтап, оларды Интернет желісі арқылы тарату мүмкіндігін қолға алуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл азаматтардың сайлау институтына деген сенімін арттырады.
Электрондық дауыс беруді енгізу мәселелері де қозғалды. Қатысушылардың барлығы дерлік, кейбір қатысушыларды қоспағанда, қағаз бюллетеньдерін қолдана отырып, дәстүрлі дауыс беруді өткізуді қолдады. Ал кейбір қатысушылар сайлау учаскелеріндегі стационарлық құрылғыларды пайдалана отырып, электрондық дауыс беруді енгізуді ұсынды. Олардың пікірінше, азаматтар сайлау учаскелеріне бара отырып дауыс берулері қажет.
Нұрлан Әбдіровтің түрлі жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерімен дәстүрлі кездесуі де өтіп, оған 146 адам қатысты.
Жастар ҮЕҰ басшысы Ризат Рахымжанов 2019 жылы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» халықаралық олимпиадасына қатысу тәжірибесімен бөлісіп, елімізде осындай іс-шаралар өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, ол орта және жоғары оқу орындарында электораттық оқыту бойынша факультативтік курстарды енгізу қажеттігі туралы мәселені көтерді. Бұл ретте, оның пікірінше, оқыту курстары интерактивті форматта өтуі тиіс.
Облыстық мәслихат депутаты Серік Жартыбеков пропорционалды сайлау жүйесі бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде партиялар ашық тізім қолдануы тиіс деген ойын ортаға салды. Оның пікірінше, бұл сайлаушылардың тек партияға ғана емес, депутаттық корпусқа ұсынылатын нақты кандидаттардың кімдер екенін біле отырып, яғни нақты адамға дауыс беруге мүмкіндік бермек.
«Жасыл Ел» экологиялық ұйымының өкілі Русана Самабекова жастар арасынан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшерін азайтуды ұсынды. Бұл жастарды бәсең сайлау құқығын пайдалануға ынталандыра түседі деп атады.
Кездесуге қатысушылар сайлау комиссияларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануды ұсынды. Олардың пікірінше, осындай ақпараттық ресурстардың арқасында жастардың сайлау процестеріне деген қызығушылығын арттыруға болады.
«AMANAT» партиясының өкілі Данияр Айтышев сайлау процесінің өзекті мәселелерін, оның ішінде жастарды құқықтық ағарту және олардың электораттық белсенділігін арттыру мәселелерін талқылау үшін Ортсайлауком жанынан Жастар алаңын құру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс көтерді.
Қатысушылар жастарды сайлау процесіне еріктілер мен байқаушылар ретінде ғана емес, сайлау комиссияларының құрамына да тарту қажеттігін де атады.
Кездесу барысында сайлау процесінің өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері келесідей: сұралғандардың 37,5%-ы электрондық (стационарлық) дауыс беруді қолдайды; респонденттердің 60,2%-ы Президенттікке кандидат мемлекеттік тілді білуі тиіс және лингвистикалық емтихан тапсыру міндетті деп санап отыр; респонденттердің 55,7%-ы соттылығы бар азаматты Президент, депутат, әкім сияқты сайланбалы лауазымдарға ұсынуға жол беруге болмайды деп санайды. Сондай-ақ, респонденттердің 38,6%-ы партиялық тізім бойынша сайланған депутат сол сайланған партиясынан басқа партияға ауысып кетуіне болмайды деп жауап берді.
Ортсайлауком Төрағасының Павлодар облысының жұртшылығымен кездесулері басқа өңірлердегі сияқты әлеуметтік желілерде трансляция режимінде көрсетілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел.: 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
a.berdibekov@election.gov.kz
https://twitter.com/nurlan_abdirov?s=11
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы












