| 13.04.2022 |
|
Анонс
А.ж. 14-15 сәуір аралығында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында болады.
Жұмыс сапары шеңберінде келесі кездесулер жоспарланып отыр:
1) а.ж. 14 сәуірде сағат 16:00-да Семей қаласының Достық ауыл округі Шақаман ауылының тұрғындарымен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу.
Кездесудің өтетін орны: Семей қаласы Достық ауыл округінің орта мектебінің акт залы.
2) а.ж. 14 сәуірде сағат 17:30-да Семей қаласының жастарымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі.
Кездесудің өтетін орны: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің акт залы, Семей қ, Тәнірбергенов к., 1.
3) а.ж. 15 сәуірде сағат 10:00-де Семей қаласының жұртшылығымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесу.
Кездесудің өтетін орны: Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрының залы, Семей қ., Қайым Мұхамедханов к., 6.
Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 13 сәуірде сағат 19:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) + 7 778 340 46 15; +7 (7232) 577- 904 телефондары арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
