| 30.03.2022 |
|
Анонс
Ү.ж. 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Алматы облысында болады.
Жұмыс сапары шеңберінде келесі кездесулер жоспарланып отыр:
1) ү.ж. 31 наурызда сағат 18:30-де шығып қалған депутаттың орнына Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысы өтеді.
Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Алматы облысының жастарымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі өтеді.
Кездесудің өтетін орны: Салтанат сарайы ғимараты, Талдықорған қ., Астана даңғылы, 10.
2) ү.ж. 1 сәуірде сағат 10:00-де Алматы облысының жұртшылығымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесу өтеді.
Кездесудің өтетін орны: І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, Талдықорған қ., Тәуелсіздік көшесі, 67.
3) ү.ж. 1 сәуірде сағат 14:00-де Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округінің тұрғындарымен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу өтеді.
Кездесудің өтетін орны: Көксу ауданы, Мұқыры ауылдық округі.
Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 31 наурыз сағат 12:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) + 7 777 278 29 49 телефоны арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
