| 25.03.2022 |
|
2022 жылғы 24 наурызда Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров Маңғыстау облысының азаматтық қоғам өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесті
2022 жылғы 24 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, осы облыстағы сайлау комиссияларының мүшелерімен үлкен кездесу өткізді. Іс-шараға 260 адам қатысты.
Кездесу барысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы сайлау процесін жаңғырту жөніндегі бастамасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелерін енгізу, электрондық дауыс беру, сайлаушылардың бірыңғай электрондық тізімін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Бұдан басқа, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын, оның ішінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ету, ұлттық байқаушылардың мәртебесін, олардың құқықтары мен өкілеттіктерін арттыру, сайлау учаскелерін бейнебақылау камераларымен жарақтандыру қажеттігі туралы мәселелер қозғалды.
Жұртшылық өкілдері облыстың мұнай кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін сайлаушыларға дауыс беру үшін оңтайлы жағдай жасау, мүгедектігі бар сайлаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, сайлау учаскелерінің инфрақұрылымын жетілдіру, олардың физикалық қолжетімділігін және тиісті жарақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды алға тартты.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар жастардың құқықтық сауаттылығы мен сайлау мәдениетін арттыру қажеттігін атап өтті. ОСК Төрағасы бұл мәселеге қолдау білдіре отырып: «Өңірлерде өтіп отырған кездесулерде мен жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын байқап келемін. Олар өздерінің креативті идеяларын алға тартып келеді. Ендігі біздің міндетіміз – жастарға қолдау көрсету, оқыту және дұрыс бағыт-бағдар беру» деп атап өтті.
Бұдан басқа, жұртшылық өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясына және сайлау заңнамасына енгізілетін барлық жаңа түзетулерді қабылдау алдында оларды халықпен талқылау қажет және мұндай талқылауды жүргізу маңызды деп атады. Сондай-ақ, осы іспетті талқылау және түсіндіру жұмыстары бірінші кезекте мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс деген өз ойларын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қоғам өкілдері Ортсайлауком басшылығына сайлау процесіне қатысушыларға өз пікірлерін алға тартып, сайлау процесін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарды көтеруге мүмкіндік туғызып отырған осындай кездесу үшін өз алғыстарын білдірді.
Осы күні Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ОСК Төрағасы ЖОО және колледж студенттерімен кездесті, онда электораттық процестің көптеген өзекті мәселелері талқыланды.
Студенттер дауыс беру құпиясын, сайлау процесінің ашықтығы мен қоғамдық мониторингті қамтамасыз ету, сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтары мен өкілеттіктері мәселелері бойынша өз қызығушылықтарын танытты. Олар сайлау комиссияларының мүшелеріне өз қызметін жүзеге асыру кезінде нақты не істеуге жол берілмейтіні, сайлауға қатыса алмайтын азаматтардың мәселелері жөнінде сұрақтар қойды.
Бұдан басқа, жастарға ауыл әкімдігіне кандидаттарға қатысты заңнамалық талаптар бойынша бұрынғы әкімдер сайлау алдындағы сайысқа қатыса ала ма, сайлау кезеңіндегі саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен қайдан танысуға болатыны туралы ақпарат беріліп, жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, болашақ сайлау науқандарында блокчейн-технологияларды енгізу, электрондық дауыс беру бойынша белсенді пікірталас өтті. Бірқатар студенттердің пікірінше, заманауи технологияларды қолдану бүкіл электорат үшін дауыс берудің қол жетімділігін, оны қорытындылаудың тиімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар сайлаушылардың сайлау институтына деген сенімін арттырады. Бұл ретте, кездесуге қатысқан жекелеген адамдар электрондық дауыс беру өз кезегінде тиісті қауіпсіздік пен оның құпиялығын сақтау жолында қауіп-қатерлерге әкеп соқтыруы да мүмкін деген пікір білдірді. Студенттер Президенттік сайлау кезінде сайлауалдындағы пікірталас өткізуді ұсына отырып, пікірсайыстарға кандидаттардың сенімді тұлғалары емес, кандидаттардың өздері міндетті түрде қатысуы тиіс деген өз ойларын алға тартты.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров белсенді және тартымды диалог үшін жастарға өз ризашылығын білдірді.
Ортсайлауком төрағасының Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесулерінің барлығы басқа өңірлердегідей «Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығының» Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында https://fb.watch/bZoi_6Ll48/, сондай-ақ «Ақтау» телеарнасының Фейсбуктегі парақшасында https://www.facebook.com/groups/NewsAktauMangistau/permalink/3017778775203059/ онлайн режимінде көрсетілді.
Маңғыстау облысына дейін ОСК Төрағасының осы сияқты кездесулері Қызылорда, Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Ақмола облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Келесі жұмыс сапары ағымдағы жылдың 28 наурызына Жамбыл облысына жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел.: 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
a.berdibekov@election.gov.kz
https://twitter.com/nurlan_abdirov?s=11
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





