| 14.03.2022 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Түркіменстандағы президенттік сайлауды байқауға қатысты
2022 жылғы 11-13 наурыз аралығында ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы 2022 жылғы 12 наурызда Түркіменстан Президентінің кезектен тыс сайлауын байқауға қатысты.
Сапар аясында ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов Түркіменстан сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасымен жалпы кездесуге, сондай – ақ Түркіменстан Президенті сайлауына дайындық пен оны өткізуді байқау нәтижелері бойынша миссияның мәлімдемесі қабылданған ТМД-дан байқаушылар миссиясының үйлестірушілері кеңесінің отырысына, Миссия жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз конференциясына қатысты.
Қазақстанның халықаралық байқаушылары ТМД, ШЫҰ байқаушылар миссияларының құрамында учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты, сондай-ақ сайлау күні Ашхабад қаласында және Ахал уәлаятында сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды байқады.
Үш саяси партия мен азаматтардың бастамашыл топтары ұсынған тоғыз кандидат Түркіменстандағы ең жоғары мемлекеттік лауазымға үміткер болды. Сайланған Президент сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбінің дауысын алған кандидат болып жарияланады.
Түркіменстандағы сайлауға 50-ге жуық халықаралық байқаушы аккредиттелді, ал сайлау учаскелерінде 2700-ден астам ұлттық байқаушылар болды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



