| 09.03.2022 |
|
Қазақстанның ОСК Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауды байқаудың халықаралық онлайн-бағдарламасына қатысты
2022 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Zoom және YouTube платформаларын пайдалана отырып, Корея Республикасының Ұлттық сайлау комиссиясы ұйымдастырған онлайн байқау бағдарламасына қатысты.
Онлайн байқау бағдарламасына 23 шет мемлекеттердің сайлау органдарының және халықаралық ұйымдардың 160 өкілі қатысты.
Бағдарлама қатысушыларына Корея Республикасының сайлау жүйесімен, сайлау күні дауыс беру барысымен (мерзімінен бұрын дауыс беруді қоса алғанда), дауыстарды санау рәсімімен, сондай-ақ дауыс беру кезінде технологияларды қолданумен танысуға мүмкіндік берілді.
Корея Республикасы Президентінің сайлауы 2022 жылғы 9 наурызда өтті. Корея Республикасының Конституциясына сәйкес Президентті халық жалпыға бірдей, тең, тікелей және жасырын дауыс беру негізінде сайлайды. Президенттің өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Президент қайта сайлана алмайды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


