| 04.03.2022 |
|
2022 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
2022 жылғы 4 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимі арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Асылбек Смағұлов және Шавхат Өтемісов отырысқа Ақтөбе облысындағы іс-сапар барысында қатысты.
Отырыста Ортсайлауком мүшелері келесі қаулыларды қабылдады:
Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ф.Қ. Қаменовтің және С.Н. Решетниковтің өтініш берулеріне байланысты олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп қаулы етті.
Депутаттар Ф.Қ. Қаменовтің және С.Н. Решетниковтің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдар Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


