| 28.02.2022 |
|
2022 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
2022 жылғы 28 ақпанда Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, сайлау комиссияларының мүшелерімен үлкен кездесуі өтті. Іс-шараға 290 адам қатысты.
Сайлауды ұйымдастырушылар мен жергілікті жұртшылық өкілдерінің сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.
Кездесуге қатысушылар аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге қолдау білдірді, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын күшейтуді, азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау кепілдігін қамтамасыз етуді ұсынды.
Бұдан басқа, мажоритарлық және аралас сайлау жүйелерін енгізу, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына сайланатындардың санын шектеу жөнінде пікірталастар болды.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Президенттікке кандидаттарға қатысты заңнама талаптарына қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Яғни, олар кандидаттардың ел аумағында тұрақты тұруы және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы қажеттігін алға тартты.
Сондай-ақ олар өтелмеген сотталғандығы бар адамдардың кандидаттарын сайланбалы лауазымдарға ұсынуға және Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының бір партиядан екіншісіне ауысуына жол берілмейді деп санайтындарын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдері Ортсайлауком басшылығына осы өткізіліп отырған кездесу үшін ризашылықтарын білдіріп, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын және бұл іс-шара осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Нұрлан Әбдіров өз кезегінде іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, Ортсайлауком өзара іс-қимыл жасауға ашық екенін және жұртшылықтың сайлау процесін жетілдіруге бағытталған барлық ұсыныстарын қарауға дайын екенін атап өтті.
Осы күні Ортсайлауком Төрағасы өңір жастарымен кездесті. Кездесу барысында жастар өкілдері бірқатар ұсыныстарды алға тартты, олардың ішінде партиясыз азаматтарды Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына ұсыну құқығы, ұлттық байқаушылардың мәртебесін арттыру, оларды сайлауаралық кезеңде оқыту, сайланбалы лауазымдар үшін жас шамасын белгілеу, жастардың электораттық мәдениетін арттыру мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, электрондық дауыс беруді енгізу мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Жекелеген қатысушылардың пікірінше, цифрлық технологияларды енгізу, электрондық дауыс беру ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін тәуекелдерге әкеліп соқтырады.
Кездесу қорытындысы бойынша ОСК төрағасы Түркістан облысының жастарына ашық, мазмұнды және қызықты диалог үшін алғысын білдірді және басты мақсат – жас сайлаушылардың болашақта электораттық процестерге деген қызығушылығын және жастардың оған қатысуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Ү.ж. 1 наурызда Нұрлан Әбдіров жұмыс сапары аясында Сайрам ауданы Құтарыс ауылдық округінің тұрғындарымен, ал 2021 жылғы 25 шілдеде осы ауыл округінің сайланған әкімімен кездесті.
Кездесуде әкім Керімбеков Мырзахан ОСК басшылығын және ауыл тұрғындарын сайлау науқанына қатысу тәжірибесімен, сондай-ақ ауылды абаттандыру және дамыту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстармен таныстырды.
Құтарыс тұрғындары осы ауылда өткен әкімнің сайлауына және өздері сайлаған әкімнің жұмысына оң баға берді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы








