| 28.02.2022 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Беларусь Республикасындағы референдумды байқауға қатысты
2022 жылғы 25-28 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы 2022 жылғы 27 ақпанда Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдумның байқауына қатысты.
Сапар шеңберінде қазақстандық делегация өкілдері Беларусь Республикасының сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясының, Минск қалалық референдум жөніндегі комиссиясының, референдум жөніндегі бірқатар аудандық комиссиялардың басшылығымен кездесулерге, сондай–ақ ТМД, ШЫҰ байқаушылар миссияларының жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз конференцияларына қатысты.
Қазақстанның халықаралық байқаушылары мерзімінен бұрын дауыс беруді байқауды жүзеге асырды, референдум жөніндегі учаскелік комиссиялардың жұмысымен танысты, сондай-ақ референдумда негізгі дауыс беру күні Минск қаласында және Минск, Брест, Могилев облыстарында сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды байқады.
Естеріңізге сала кетейік, Беларусь Республикасындағы референдумды байқауға ТМД, ШЫҰ байқаушылар миссияларының құрамында, сондай-ақ Беларусь Республикасының сайлау және республикалық референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




