| 08.11.2021 |
|
Ауыл әкімдерін сайлау: оқыту семинарлары
ҚР Орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын облыстық, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін Алматы облысында (а.ж. 14 қазан), Алматы қаласында (а.ж. 15 қазан) және Түркістан облысында (а.ж. 4-5 қараша) көшпелі оқыту семинарлары топтамасын өткізді.
Семинарлар аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шеңберіндегі сайлау комиссиялары қызметінің тәжірибелік ерекшеліктеріне арналды.
Семинарлар барысында биылғы жылы сайлау заңнамасына енгізілген өгерістер мен толықтыруларды ескеріп, ауылдық әкімдерді тікелей сайлау институтын енгізу құқығын іске асыру мәселелері талқыланды, ауыл деңгейіндегі әкімдерді сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибелік аспектілері қаралды.
Оқыту іс-шараларда сарапшы Л.Асылбекова тиімді басшының тұлғалық қасиеттерін көпфакторлық бағалау, сарапшы А.Берлібай – сайлау науқандары барысында сайлау комиссиялары мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудегі тиімді коммуникациялары бойынша сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
