| 02.12.2021 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Қырғыз Республикасында парламенттік сайлауды байқауға қатысты
2021 жылғы 28 қарашада ҚР ОСК Хатшысы Анастасия Щегорцова бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Сапар аясында ҚР ОСК Хатшысы Анастасия Щегорцова Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының парламенттік сайлауды дайындау мен өткізу туралы брифингіне, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына дайындық пен оны өткізуді байқау нәтижелері бойынша миссияның мәлімдемесі қабылданған ТМД-дан байқаушылар миссиясының үйлестірушілері кеңесінің отырысына, Миссия жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясына қатысты.
ТМД, ШЫҰ, ТМҰ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар Миссиясы құрамындағы қазақстандық делегацияның өкілдері Бішкек қаласында, сондай-ақ Қырғызстанның 4 облысында сайлау күні сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін қорыту барысын байқауды жүзеге асырды.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғыз Республикасындағы сайлауды байқауға Қазақстан Республикасынан 37 байқаушы қатысты, оның ішінде 29 – ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында; 2 өкілден – Қырғыз Республикасы ОСК-ның шақыруы бойынша, ШЫҰ-дан, ТМҰ-дан, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар миссиясының құрамында.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





