| 26.11.2021 |
|
Солтүстік Кавказ сайлау құқығы орталығының өкілдерімен кездесу
2021 жылғы 24 қарашада ҚР ОСК мүшесі С. Мұстафина Ресей Федерациясының Ставрополь өлкесінің Солтүстік Кавказ сайлау құқығы және процесі орталығының өкілдері: орталықтың директоры, Пятигорск мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, сайлау құқығы және процестері орталықтарының Федералдық Үйлестіру кеңесінің үйлестірушісі Л. А. Тхабисимовамен және Пятигорск мемлекеттік университетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Е. В. Бабошинамен жұмыс кездесуін өткізді.
Сайлау саласының кадрларын кәсібилендіру және сайлауға қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласында әріптестік қатынастар құру туралы мазмұнды диалог болды.
Заң ғылымдарының докторы, профессор, сайлау құқығы саласындағы сарапшы Л.А. Тхабисимова Солтүстік Кавказ сайлау құқығы және процесі орталығының қызметі және жетістіктерімен таныстырып, сайлауды ұйымдастырушыларды дайындау мен жастарға электораттық-құқықтық білім беру тәжірибесімен бөлісті. 2016 жылы Пятигорск мемлекеттік университетінің құрамында құрылған орталық сайлау комиссияларының мүшелері, байқаушылар, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланбалы лауазымдарға кандидаттар, сайлаушылар үшін базалық оқыту алаңы болып табылады.
Кездесуге сондай-ақ сайлау құқығы саласындағы қазақстандық ғалымдар: Астана Халықаралық университетінің вице-президенті С. К. Амандықова, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті М.И. Билялова қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
