| 02.11.2021 |
|
Қазақстан Республикасының ОСК сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың Еуропалық конференциясына қатысты
2021 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бейнеконференция арқылы «COVID-19 пандемиясының сайлау үдерістеріне әсерінен алынған сабақтар» тақырыбындағы сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 18-ші Еуропалық конференциясына қатысты.
Іс-шараны дәстүрлі түрде Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) ұйымдастырды.
Конференция барысында сайлау процестерін басқару бойынша сайлау органдарының құқық қолдану тәжірибесі, төтенше жағдайларда сайлау өткізу шарттары, пандемия мен дағдарыс жағдайлары кезіндегі сайлаудың практикалық салдарлары, сондай-ақ сайлаушылардың қатысуы және баламалы дауыс беруді пайдалану мәселелері талқыланды, әдістері қарастырылды.
Конференцияға Еуропа Кеңесі, Венеция комиссиясы, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Сайлау жүйелерінің халықаралық қоры, ТМД ПАА ДДБХИ сияқты халықаралық ұйымдар мен институттар, сондай-ақ Албания, Армения, Мажарстан, Грузия, Колумбия, Мексика, Румыния, Эстония және т.б. шет мемлекеттердің сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың өкілдері қатысты.
Сайлау процесінің түрлі аспектілері мен кезеңдері бойынша конференцияларды Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы жыл сайын еуропалық мемлекеттердің орталық сайлау органдарымен бірлесіп өткізеді, оларға Қазақстан Республикасы белсенді қатысып келеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

