| 27.10.2021 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Өзбекстан Республикасында президенттік сайлауды байқауға қатысты
2021 жылғы 24 қазанда ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысты.
Сапар аясында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездесуге, олардың президенттік сайлауды дайындау мен өткізу туралы брифингіне, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық пен оны өткізуді байқау нәтижелері бойынша миссияның мәлімдемесі қабылданған ТМД-дан байқаушылар миссиясының үйлестірушілері кеңесінің отырысына, Миссия жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясына қатысты.
ТМД, ШЫҰ, Түркі кеңесі, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар Миссиясы құрамындағы қазақстандық делегацияның өкілдері Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Термез қалаларында байқауды жүзеге асырды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері Қарақалпақстан автономиялық республикасында және Өзбекстанның 6 облысында 180-нен астам сайлау учаскелерін байқаумен қамтыды. Халықаралық байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының өкілдері Өзбекстан өңірлеріндегі сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесулерге қатысты, сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін шығаруды байқады.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасындағы сайлауды байқауға Қазақстан Республикасынан 37 байқаушы қатысты, оның ішінде 30 – ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында; 2 өкілден – Өзбекстан Республикасы ОСК-ның шақыруы бойынша, ШЫҰ-дан, Түркі кеңесінен байқаушылар миссиясының құрамында; 1-ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау миссиясының құрамында.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы






