| 20.10.2021 |
|
ҚР ОСК басшылығының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директорымен кездесуі өтті
2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшылығы ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччимен кездесті.
Кездесу барысында өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективалары, ҚР ОСК және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде байланыстарды кеңейту, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен электоралдық мәселелер бойынша озық халықаралық тәжірибені зерделеу саласындағы әріптестікті тереңдету туралы пікір алмасылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау жөніндегі Бюросы миссияларының ұсынымдарын қарау және іске асыру мәселелері көтерілді.
Кездесу қорытындылары бойынша екіжақты ынтымақтастық аясында жүйелі диалог пен белсенді байланыстарды одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


