| 06.10.2021 |
|
Алматы мен Қостанай облыстары сайлау комиссияларының төрағалары Грузиядағы сайлауды байқауға қатысты
Алматы мен Қостанай облыстары сайлау комиссияларының төрағалары Тимур Даутов пен Александр Малашко Грузияның Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2021 жылы 2 қазанда Грузияда өткен жергілікті сайлауды байқауға қатысты.
Сайлауды байқау барысында Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының өкілдері Грузия ОСК Төрағасы және мүшелелері сайлауға дайындық пен оны өткізуге арналған кездесуге қатысты.
Сайлау күні Тимур Даутов пен Александр Малашко Тбилиси мен Мцхета қалаларында сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін шығаруды байқауды жүзеге асырды.
2021 жылы 2 қазанда Грузияда жергілікті сайлау өтті. Грузия азаматтары қалалық және аудандық жиналыстарға депутаттарды, сондай-ақ Тбилисиді қосқанда 64 муниципалитеттің мэрлерін сайлады. Грузиядағы қалалық және аудандық жиналыстар аралас жүйе: пропорционалды және мажоритарлық жүйе бойынша құрылады
Алдын ала мәліметтер бойынша, мэрлер сайлауының екінші туры 64 муниципалитеттің 20-сында өтеді, оның ішінде кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздық кедергіні жеңе алмаған бес ірі қалада - Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Поти және Рустави. Дауыс беру 2021 жылдың 30 қазанына жоспарланды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



