| 06.10.2021 |
|
ҚР ОСК Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығы Бас Ассамблеясының отырысына және 30 жылдық мерейтойлық конференциясына қатысты.
2021 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Бухарест қаласында (Румыния) Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығы (ЕЕСҰҚ) Бас Ассамблеясының отырысы мен «Жастардың қатысуы және сайлау науқаны мен партияларды қаржыландыру» тақырыбындағы 30 жылдық мерейтойлық конференциясы өтті, оған ҚР ОСК өкілдері онлайн режимінде қатысты.
ЕЕСҰҚ Бас Ассамблеясының отырысы аясында 2020 есепті кезеңге арналған ЕЕСҰҚ жұмыс жоспарының орындалу қорытындылары мүшелігіне қосу мәселелері қаралды. Сонымен қатар Бас Ассамблеяның келесі отырысы мен 2022 жылы Молдова Республикасында кезекті конференцияны өткізу орны туралы шешім қабылданды.
ЕЕСҰҚ конференциясында жас сайлаушылардың білім алуы мен сайлауға қатысуы, сайлау науқаны мен саяси партияларды қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ ЕЕСҰҚ-ға мүше мемлекеттерде дауыс берудің арнайы шаралары қарастырылды.
Анықтама үшін:
Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығы (ЕЕСҰҚ) 1991 жылы құрылды. 25 қатысушы мемлекет ЕЕСҰҚ-ға мүше болып табылады. Қазақстан Республикасы - ЕЕСҰҚ-ның институционалдық мүшесі.
Қауымдастықтың мақсаты ашық және жария сайлауды қамтамасыз ету мүддесінде талқылау және шешімдер қабылдау үшін Қауымдастық қызметі өңірінің шегінде сайлау ұйымдастырушылар мен сарапшылар арасында ақпарат алмасу үшін кез келген ұлттық басшылықтан бейтарап және тәуелсіз форумдарды өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

