| 24.09.2021 |
|
Интернет-олимпиаданың пікірсайыс турнирі өтуде
Бүгін ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде студенттік интернет-олимпиаданың екінші кезеңі – «Үздік пікірсайысшы» байқауы басталды.
Пікірсайыс турнирі үшін сайыскерлерге өткен сайлау науқандары барысында қоғамдық резонанс тудырған тақырыптар бойынша "шақыру-жауап" форматы ұсынылды.
Бірінші кезеңнің 11 жеңімпазы нақты уақыт режимінде Ұлттық қазылар алқасының алдында сөз сөйлейді. Қазылар алқасының құрамына Орталық сайлау комиссиясының, ҚР ОСК аппаратының, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, конституциялық және сайлау құқығының жетекші ғалымдары мен сарапшылары кірді.
Ескертеміз, Интернет-олимпиада Демократияны, парламентаризмді дамыту және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты бастамашылық еткен және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылатын халықаралық жобаның ұлттық кезеңі болып табылады.
Интернет-олимпиаданың жеңімпазы а.ж. желтоқсан айында ПАА ДДМХИ (Санкт-Петербург қ.) қамқорлығымен ұйымдастырылатын «Жастар парламентаризмі ТМД елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі ретінде» халықаралық жастар мектебіне қатысады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
