| 22.09.2021 |
|
ОСК студенттік Интернет-олимпиаданың бірінші кезеңін қорытындылады
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» Интернет-олимпиадасының бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Іріктеу кезеңі әлем елдерінің, ТМД мемлекеттерінің және Қазақстан Республикасының сайлау жүйелерінің негізгі түрлері мен ерекшеліктері туралы түсініктерді бағалауға бағытталған онлайн-тестілеу форматында өтті.
Интерактивті тестілеуге қатысу үшін еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 354 студент тіркелді.
Тестілеу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 11 студент анықталып, интернет-олимпиаданың екінші кезеңіне қатысады:
| № | ТАӘ | ЖОО | Баллдар саны |
| 1. |
Надиров Эмин Вагидович |
Caspian University | 37 |
| 2. |
Ақдәулет Әділ Тұрарұлы |
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті | 37 |
| 3. |
Асан Аружан |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | 37 |
| 4. |
Балписова Лаура Жаскайраткызы |
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті | 37 |
| 5. |
Аскарова Дана Артуровна |
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті | 36 |
| 6. |
Кравченко Александр Юрьевич |
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті | 36 |
| 7. |
Мирзахалов Исломбек Алишерович |
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті | 35 |
| 8. |
Әділова Ақжүніс Әділқызы |
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті | 35 |
| 9. | Зинелгаппарова Камиля Асылбековна | Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті | 35 |
| 10. |
Исағали Дариға Исағалиқызы |
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті | 34 |
| 11. |
Дрепин Вадим |
Қазақстан-Америкадық еркін университеті | 34 |
Екінші тур – «Үздік пікірсайысшы» байқауы ағымдағы жылдың
24 қыркүйегінде өтеді.
Интернет-олимпиада туралы Ережеге сәйкес бірінші турдың жеңімпаздары Ұлттық қазылар алқасының алдында пікірталас жүргізу дағдыларын көрсетуі тиіс. Оның құрамына Орталық сайлау комиссиясының, ОСК аппаратының, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, конституциялық және сайлау құқығының жетекші ғалымдары мен сарапшылары енген.
Ескертеміз, Интернет-олимпиада Демократияны, парламентаризмді дамыту және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты бастамашылық еткен және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылатын халықаралық жобаның ұлттық кезеңі болып табылады.
Интернет-олимпиаданың жеңімпазы а.ж. желтоқсан айында ПАА ДДМХИ (Санкт-Петербург қ.) қамқорлығымен ұйымдастырылатын «Жастар парламентаризмі ТМД елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі ретінде» халықаралық жастар мектебіне қатысады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
