| 22.09.2021 |
|
ОСК хатшысы С.С. Мұстафина және ОСК мүшесі Е.С. Дауылбаев ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында Ресей Федерациясындағы сайлауды байқауға қатысты
ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина мен ҚР ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында Татарстан Республикасында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына депутаттар сайлауын байқауға қатысты.
Сапар барысында олардың Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен, Татарстан Республикасы ОСК төрағасымен, Татарстан Республикасы Қоғамдық палатасының қоғамдық байқау орталығының өкілдерімен бірқатар кездесулері болды, сондай-ақ сайлаушылардың «Менің дауысым» онлайн-форумына қатысты.
Сонымен 2021 жылғы 17 қыркүйекте Мемлекеттік Кеңес Төрағасының орынбасары Юрий Зимелевич Камалтыновпен кездесуде халықаралық байқаушылар Мемлекеттік Кеңестің, парламенттік комитеттер мен комиссиялардың, фракциялар мен депутаттық топтардың жұмысымен танысты.
2021 жылғы 18 қыркүйекте С. Мұстафина мен Е. Дауылбаев Татарстан Республикасы ОСК төрағасы Андрей Кондратьевпен кездесті. Кездесу барысында Татарстан Республикасында сайлау рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Қазанның IT-паркінде болған кезде, тәулік бойы сайлау барысын бейнебайқау жүргізілген Татарстан Республикасы Қоғамдық палатасының Қоғамдық байқау орталығының жұмысымен танысты. ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина Татарстанда сегізінші шақырылған Мемлекеттік Дума депутаттарының сайлауында дауыс беру процесіне арналған сайлаушылардың «Менің дауысым» онлайн-форумына қатысты.
2021 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерінің шығарылуын байқау мақсатында Қазан қаласындағы, республиканың Высокогорский, Спасский, Алексеев аудандарындағы бірқатар сайлау учаскелерінде болды.
Қазақстандық байқаушылар ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында Мәскеу, Қазан қалаларында, сондай-ақ Татарстан Республикасының бірқатар аудандарында, Астрахань мен Омбы облыстарында байқау жүргізгенін атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





