| 22.09.2021 |
|
ОСК Төрағасының орынбасары К.В. Петров және ОСК мүшесі А.Г. Щегорцова РФ ОСК шақыруымен Ресей Мемлекеттік Думасы депутаттарының сайлауын байқауға қатысты
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Сайлауды байқау кезінде Қазақстан Республикасы ОСК өкілдері Ресей ОСК-ның Мемлекеттік Думасы депутаттарын, Бірыңғай дауыс беру күні - 2021 сайлауға дайындық және оны өткізу туралы брифингке қатысты, сондай-ақ Ресей ОСК Ақпараттық орталығына, Мәскеу қаласының сайлауды байқау жөніндегі Қоғамдық штабына, Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының Сайлауды байқау орталығына барды және олардың жұмысымен танысты.
2021 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова Мәскеу қаласында сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санау мен сайлау нәтижелерін қорытындылауды байқауды жүзеге асырды.
Сонымен қатар ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Республикасынан ТМД байқаушылар миссиясының Үйлестірушілер кеңесінің отырысына қатысты, онда Мемлекеттік Дума депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді байқау нәтижелері бойынша Миссияның мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ ТМД-дан байқаушылар Миссиясы жұмысының нәтижелері бойынша баспасөз-конференциясынаа қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған сайлауды байқауға Қазақстан Республикасының өкілдері Ресейдің Ортсайлаукомының шақыруы бойынша, ТМД мен ШЫҰ байқаушылар миссияларының құрамында, сондай-ақ ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА делегациялары арқылы қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





