| 22.09.2021 |
|
Интернет-олимпиаданың басталуы
Бүгін 2021 жылғы 22 қыркүйекте жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жылсайынғы «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасы басталды.
Интернет-олимпиада Демократияны, парламентаризмді дамыту және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты бастамашылық еткен және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылатын халықаралық жобаның ұлттық кезеңі болып табылады. Іс-шараның негізгі серіктесі Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы болып табылады.
Қазіргі уақытта олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңі өтіп жатыр, онда студенттер Қазақстан мен шет елдердің сайлау заңнамасы және сайлау жүйелері бойынша білім деңгейін анықтау үшін онлайн-тестілеуден өтуде. Олимпиадаға қатысуға Қазақстанның 36 жоғары оқу орнынан 350 студент өтінім берді.
Екінші кезеңде тестілеуде ең көп балл жинаған үздік студенттерді «Үздік пікірсайысшы» атағына пікірсайыс турнирі күтеді. Ол ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.
Интернет-олимпиаданың жеңімпазы а.ж. желтоқсан айында ПАА ДДМХИ (Санкт-Петербург қ.) қамқорлығымен ұйымдастырылатын «Жастар парламентаризмі ТМД елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі ретінде» халықаралық жастар мектебіне қатысады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

