| 08.09.2021 |
|
ҚР ОСК өкілі В. А. Жексембекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында дәріс оқыды
2021 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор В.А. Жексембекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында «Соттар мен БАҚ-тың өзара іс-қимылы: жағдайы мен болашағы» тақырыбында онлайн-дәріс оқыды.
Онлайн-дәріс барысында сот органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары, БАҚ өкілдері үшін сот ақпаратының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сот органдарының қызметін ақпараттық жария ету мәселелері қаралды.
Өткізілген оқыту іс-шарасының қорытындысы бойынша В.А. Жексембекова дәріс тақырыбы бойынша тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

