| 13.07.2021 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы Молдова Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлауды байқауға қатысты
ҚР ОСК мүшесі Серік Сыдықов бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы 2021 жылғы 11 шілдеде өткен Молдова Республикасы Парламенті депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға қатысты.
Сайлауды байқау барысында ҚР ОСК өкілдері бірқатар елдерден - Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Румыния, Түркия және Украинаның сайлау органдары өкілдерінің кездесуіне қатысты. Кездесуде Молдова Республикасы Ортсайлаукомының басшысы Дорин Чимил сайлау науқанының негізгі кезеңдері, сайлауға дайындық және оны өткізу, сайлау науқанының ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Сайлау күні қазақстандық делегация өкілдері дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін қорытуды байқау үшін бірқатар сайлау учаскелерінде болды.
Сонымен қатар ҚР ОСК мүшесі Серік Сыдықов 2021 жылғы 11 шілдеде болған Молдова Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауға дайындық пен оны өткізудің нәтижелері туралы Миссияның Мәлімдемесі қабылданған ТМД-дан байқаушылар миссиясының Үйлестірушілер кеңесінің отырысына Қазақстан Республикасынан қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Молдова Республикасындағы сайлауды байқауға ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында, сондай-ақ Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Қазақстан Республикасынан 4 байқаушы қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




