| 22.06.2021 |
|
Петропавл қ. семинар-кеңес өтті
2021 жылғы 21-22 маусымда Петропавловск қаласында Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі семинар-кеңес өтті.
Семинар дәрістер, практикалық сабақтар, іскерлік ойындар және семинарға қатысушыларды тестілеу түрінде өткізілді.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов, ҚР ОСК аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Мейрамбек Қаныбеков, қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, аумақтық сайлау комиссияларының және сайлау процесін ұйымдастыруға қатысатын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Семинарда Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылыдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері сондай-ақ, ауылдық округ әкімдерін сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссияларының мемлекеттік органдармен жұмыс істеу алгоритмі қаралды.
Ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
