| 21.06.2021 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы Армения Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлауды байқауға қатысты
2021 жылғы 20 маусымда ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Қазақстандық делегация өкілдері Ереван, Гюмри, Арташат қалаларында сайлау күні сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін қорыту барысын байқауды жүзеге асырды.
Сонымен қатар ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова 2021 жылғы 20 маусымда болған Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауға дайындық пен оны өткізудің нәтижелері туралы Миссияның мәлімдемесі қабылданған Қазақстан Республикасынан ТМД-дан байқаушылар миссиясының Үйлестірушілер кеңесінің отырысына, сондай-ақ ТМД байқаушылары миссиясы жұмысының қорытындылары жөніндегі баспасөз-конференцияға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Армения Республикасындағы сайлауды байқауға ТМД-дан байқаушылар миссиясының, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау миссиясының құрамдарында, сондай-ақ Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Қазақстан Республикасынан 6 байқаушы қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




