| 21.06.2021 |
|
Ортсайлауком мүшелерінің Павлодар қ. өткен семинар-кеңеске қатысуы
2021 жылғы 21 маусымда Павлодар қаласында Павлодар облысының аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі семинар-кеңес өтті. Кеңес облыстың барлық аудандарымен бейнеконференцбайланыс арқылы оқыту семинары түрінде өткізілді.
Семинар жұмысына Ортсайлауком Төрағасының орынбасары
Константин Петров, ҚР ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев, аумақтық сайлау комиссияларының, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыруға тартылған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, сайлау науқанының құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия жағдайында әкімдер сайлауын өткізу мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
