| 16.06.2021 |
|
ҚР ОСК мүшесі Е.С.Дауылбаевтың Шымкент қаласына жұмыс сапары
2021 жылғы 16 маусымда Шымкент қаласында Түркістан облысының аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі семинар-кеңес өтті. Кеңес облыстың барлық аудандарымен бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде оқыту семинары түрінде өткізілді.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Дауылбаев, қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, аумақтық сайлау комиссияларының және сайлау процесін ұйымдастыруға қатысатын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Е. Дауылбаев Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар: мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етудің тәжірибелік мәселелеріне айрықша тоқтала отырып, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылыдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері туралы баяндады.
Ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


