| 27.04.2021 |
|
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында онлайн-дәріс өткізді
Ағымдағы жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін «Сайлау процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттары» тақырыбында дәрістік оқу өткізді.
Қонақтық дәріс орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдардың мемлекеттік қыметшілері үшін «Мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы семинар аясында өтті.
Оқыту іс-шарасы барысында дәріскер қатысушыларды шетелде және Қазақстанда сайлау саласында қолданылатын заманауи ақпараттық технологиялармен таныстырды. К. Петров бұл технологиялылық ХХІ ғасырдың сайлау жүйелерінің түбегейлі айырмашылығы ретінде мемлекеттің билік құрылымдарын демократиялық қалыптастыру процесін автоматтандыратынын, ал ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану сайлау процесін ұйымдастырудың міндеттерін оның барлық кезеңдерінде кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Іс-шара қорытындылары бойынша пікір алмасу болды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


