04.02.2021 |
![]() |
Ортсайлауком мүшесінің Құқық қорғау органдары академиясындағы ашық онлайн-дәрісі
Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары үшін ашық дәріс өткізді.
Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың құқықтық аспектілеріне қатысты дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Ерлан Дауылбаев ел басшылығы қазақстандық қоғамның алдында қойған сайлау жүйесін дамыту жөніндегі негізгі міндеттер сайлау рәсімдерін жетілдіруге және азаматтардың сайлау-құқықтық мәдениетін арттыру арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Дәріскер қазіргі заманғы сайлау құқығы мен еліміздің сайлау жүйесінің конституциялық негіздерін қалыптастыру және дамыту кезеңдері жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және партиялық-саяси өрісті жандандыру арқылы өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған мемлекет ретінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіріуі үшін маңызды тарихи кезең болғанын атап өтті.
Дәріс ҚР ОСК бастамашы болған Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілген акция аясында өткізілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection