04.02.2021 |
![]() |
Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясы сайлау тақырыбы бойынша дәріс өткізді
Бүгін Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында жас сайлаушылар үшін "Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту" тақырыбында ашық дәріс өткізді. Оқыту іс-шарасы студент жастардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Дәріс барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Б. Асанова Тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлігі болып табылатын еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуына, дамуына және оны жетілдіру перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталып, сайлау комиссияларының сайлау науқандары кезеңіндегі қызметінің практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Дәріскер Қазақстандағы сайлау жүйесінің дамуы қазіргі кезеңде болып жатқан саяси өзгерістердің мәнін көрсететінін, ал оның қалыптасу үдерісін зерделеу одан әрі демократиялық реформаларды жүзеге асыру үшін маңызды екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz