04.02.2021 |
![]() |
Павлодарда жас және болашақ сайлаушылар үшін сайлау тақырыбы бойынша дәрістер өтті
2021 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласының жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарының студенттері үшін "Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту" тақырыбында ашық дәрістер өткізілді.
С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, Химия-механикалық колледжінің, Ақпараттық технологиялар колледжінің, Экономикалық колледждің, Басқару және ақпарат колледжінің студенттері Дүниежүзілік сайлау күніне арналған және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен өткізілетін Республикалық акцияның қатысушылары болды.
Жоғары оқу орындары мен колледждердегі бір уақытта сағат 9:00-де басталған дәрістерді Павлодар облысының аумақтық сайлау комиссиясы Жас сайлаушыларға электораттық білім беру іс-шаралары жоспары шеңберінде ұйымдастырды.
Өз дәрісін таныстыра отырып, аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнара Қабиденқызы Аманжолова Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, өткен және алдағы сайлау науқандары, сайлау органдарының азаматтардың сайлау және сайлану конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға бағытталған қызметі туралы айтып берді.
Оқыту іс-шарасы жас қазақстандық азаматтардың сайлау жүйесіне және сайлау процесіне қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz