04.02.2021 |
![]() |
Атырау облысы АСК төрағасы Х. Досмұхамедов атындағы университеттің студенттеріне дәріс оқыды
2021 жылғы 4 ақпанда Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы студенттер алдында ашық дәріс ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамытуға арналған дәрістермен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. М. Айманакумов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры С. Н. Идрисов, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, РhD докторы Р. Н. Шайхаденов сөз сөйледі.
Дәріскерлер жас және болашақ сайлаушыларға елдің сайлау жүйесінің даму тарихын, сайлау заңнамасын жетілдіру кнегізіндегі және сайлау науқандарының хронологиясындағы оның даму кезеңдерін ұсынды.
Оқыту іс-шарасы барысында баяндамашылар жергілікті өзін-өзі басқаруды және азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған институционалдық реформаларды іске асырудағы жастардың ерекше рөлі мен олардың белсенді азаматтық ұстанымын ерекше атап өтті.
Ашық дәріс Ортсайлаукомның сайлауды ұйымдастырушылардың Еуропалық қауымдастығы бекіткен және жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар кешені шеңберінде өткізілді.
https://asu.edu.kz/media/news/9683
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection