04.02.2021 |
![]() |
Ортсайлауком жобалық әдістемелік алаңы базасында онлайн-дәріс өтті
Биыл 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалында онлайн-дәріс өтті.
Осы іс-шарамен еліміздің барлық аймақтарындағы Академия филиалдары желісінде Қазақстанның сайлау жүйесін дамытуға арналған дәрістер топтамасы ашылды.
Дәрісті Павлодар облысы бойынша МБА филиалының басшысы Гулнара Константиновна Исенова өткізді.
Ашық дәріс аясында Г. Исенова тыңдаушыларды республиканың сайлау жүйесінің даму кезеңдерімен және қолданыстағы негіздерімен таныстырды. Мемлекеттегі демократиялық құрылым туралы қазіргі кездегі көзқарастар тұрғысынан сайлау жүйесінің қалыптасу тарихын зерттеу бұл институттың пайда болуының жалпы алғанда қоғамға мемлекетті эволюциялық және саяси өзгерістер жолымен дамуға бағыттауға тамаша мүмкіндік бергенін түсінуге жағдай жасайды, - деп дәріскер атап өтті.
Ашық дәрістердің басты міндеті-мемлекеттік қызметшілерді сайлау құқығының негіздерімен таныстыру, әрбір азаматты оның елде жүргізіліп жатқан реформаларға қатыстылығын түсіндіру, олардың барысы көбінесе азаматтардың өз конституциялық құқықтарын іске асыру үшін ерік білдіру нәтижелеріне, белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты.
Онлайн-дәріске біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өтіп жатқан өңірдің 33 мемлекеттік қызметшісі қосылды. Қатысушылар жаңа білім алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Анықтама: Академияның Павлодарлық филиалы 2017 жылы сайлау саласын ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін және сайлау процесіне қатысушылардың электораттық-құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру үшін әдістемелік алаң ретінде белгіленді. 2018 жылы МБА Павлодар филиалы сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау науқандарына дайындау үшін оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге қатысты.
https://www.facebook.com/363794237422744/posts/1089410161527811/?d=n
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection