04.02.2021 |
![]() |
ШҚО АСК студенттерді Қазақстан сайлау жүйесінің негіздерімен таныстырады
Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылған ҚР ОСК республикалық акциясы аясында аумақтық сайлау комиссиялары өңірлерде жас және болашақ сайлаушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.
Шығыс Қазақстан облысы АСК төрағасы Ерсайын Ахметуәлиұлы Нәбиев Қазақстан-Америка Еркін университетінің (Өскемен қ.) "құқықтану" және "халықаралық қатынастар" мамандықтарының студенттеріне "Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту" тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында Ерсайын Ахметуәлиұлы студенттерге еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және жетілдіру тарихы, сайлау заңнамасының новеллалары туралы айтып берді, жақында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы мысалында сайлау науқанын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Дәріскер 2021 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде саяси жаңғырту жөніндегі бастамалары контекстіндегі сайлау жүйесін дамыту перспективаларына тоқталды.
Дәрістің мақсаты – жас сайлаушыларды әр азаматтың сайлауға саналы түрде қатысуының және өз таңдауы үшін жауапкершілігінің маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
Дәріс соңында пікір алмасу орын алды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection