04.02.2021 |
![]() |
Дүниежүзілік сайлау күні:
ҚР ОСК-нің ел өңірлеріндегі ашық дәрісі
Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл мереке 4 ақпанға сәйкес келіп отыр.
Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен бүгін Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығын танымал етуге бағытталған республикалық акция – "Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту" тақырыбында ашық дәріс басталады.
Акцияға білім беру ұйымдары – электораттық оқытудың серіктестері: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, еліміздің өңірлік жоғары оқу орындары мен колледждері қатысты.
Акция тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты елдің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыруға, сайлаушылардың электораттық белсенділігін арттыруға және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыруға бағытталған.
Дәрісті Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен Ортсайлауком аппаратының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы ғалымдар мен сарапшылар өткізеді.
Акцияны ақпараттық сүйемелдеу ҚР ОСК, өңірлердің аумақтық комиссиялары мен еліміздің жоғары оқу орындарының интернет-ресурстарында қамтамасыз етіледі, бейнехостингте үздік дәрісті іске қосу жоспарлануда.
Анықтама: Бүкіләлемдік сайлау күнін атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толық құқылы мүшесі болып табылатын Еуропа елдері сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен (АОВСЕ) басталған.
1991 жылы құрылған АОВСЕ халықаралық құқық негізінде құқықтық мәртебесі бар саяси партиялар мен үкіметтерден тәуелсіз әлемнің аймақтарында демократиялық үрдістерді институционализациялауға және кәсібилендіруге ықпал етеді.
АОВСЕ құрамына 25 мемлекет кіреді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz