| 14.12.2020 |
|
Орталық сайлау комиссиясы дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізді
2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға арналған брифингі өтті.
Брифингке жақын және алыс шетелдік мемлекеттердің, Еуропалық Одақтың, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар Офисінің өкілдері қатысты.
Іс-шара COVID-19 пандемиясы жағдайында уәкілетті органдар белгілеген әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді.
Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев дипломатиялық корпус өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері әрдайым Қазақстандағы сайлауды байқауға белсенді қатысатынын атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров өз сөзінде қатысып отырған дипломатиялық корпус өкілдерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
Брифинг соңында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

