| 05.12.2020 |
|
Қазақстан студенті сайлау жүйелері жөніндегі Халықаралық ғылыми пікірсайыстарға қатысуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті 4-курсының студенті Әйгерім Борағазы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының қолдауымен өткізіліп жатқан ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындары студенттерінің құрама командасы мен Ресей Федерациясы жоғары оқу орындары студенттерінің құрама командасы арасындағы Халықаралық ғылыми онлайн-пікірсайыстарға қатысуда.
А.ж. қыркүйекте Ә.Боранғазы Орталық сайлау комиссиясы ТМД ПАА ДДМХИ және Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» ұлттық интернет-олимпиадасының жеңімпазы болды. Ұлттық кезеңнің екі турына 32 университеттің 155 студенті қатысты.
Ғылыми пікірсайыстардың Халықаралық әділқазылар алқасының құрамына ТМД ПАА Бас хатшысы – ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының басшысы Д.А. Кобицкий, ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары – ТМД ПАА ДДМХИ директоры И.И. Мушкет, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты В.И. Катенев, сондай-ақ ТМД ПАА ДДМХИ-дің жауапты қызметкерлері мен сарапшылары енді.
Халықаралық ғылыми пікірсайыстардың нәтижелері а.ж. 9 желтоқсанда жарияланатын болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

