| 04.12.2020 |
|
Республикалық және өңірлік БАҚ назарына!
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден бастап, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» КЗ 28-бабының 2-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.
Кандидаттарға немесе саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру үшін кандидаттың куәлігі, хабар беруді (эфирге шығаруды) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазылған оның жеке басының немесе саяси партияның уәкілетті адамының жазбаша өтініші немесе Орталық не тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
ҚР ОСК 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/203 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру кестесін әзірлейді.
Саяси партиялардың үгіт материалдарын шығару (эфирге шығару) күні мен уақыты көрсетілетін кестенің көшірмесі кандидат немесе саяси партия өтініш берген күннен бастап үш күн ішінде, кестеге өзгерістер енгізуді қоспағанда тәулік ішінде ұсынылуға тиіс, Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі кестенің көшірмесі - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.
Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық бере алмайды.
Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына сілтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/rus/tercomms/
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
