| 27.11.2020 |
|
Ақпараттық хабар
2020 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89 бабтарына сәйкес, «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
1. Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;
8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
9. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайтын болады.
Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылғы 10 - 30 қараша аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

