| 19.11.2020 |
|
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша онлайн-оқыту
2020 жылғы 19 қарашада облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 34 аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттардың сайлауын өткізу кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбында бейнеконференц-байланыс арқылы семинар болды.
Семинар барысында ҚР ОСК аппарат басшысы Ә.Қ.Ғалымова Парламент Мәжілісі және республика мәслихаттарына сайлауды дайындау мен өткізу кезеңінде аумақтық сайлау комиссияларына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері туралы жан-жақты түсініктеме берді. Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерді сапалы және уақтылы қабылдауының маңыздылығы атап өтілді.
Семинар кезінде айтылған ақпарат қолданбалы сипатқа ие және аумақтық сайлау комиссияларының өз жұмыстарында практикалық қолдану үшін ашық қолжетімділікте орналастырылған.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


