| 16.11.2020 |
|
ҚР ОСК мүшесі С.С. Сыдықов сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 17-ші Еуропалық конференциясына қатысты
2020 жылғы 12-13 қарашада Страсбург қаласында (Француз Республикасы) «Еуропадағы сайлау құқығы және сайлау процестерін басқару - ортақ проблемалар мен озық тәжірибе» тақырыбында онлайн режимде сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 17-ші Еуропалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сламжанұлы Сыдықов қатысты.
Іс-шараны Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы ұйымдастырды.
Конференция барысында сайлауды басқарудың ортақ проблемалары мен озық тәжірибелері, төтенше жағдайларда сайлау өткізу шарттары, пандемия мен дағдарыс жағдайлары кезіндегі сайлаудың практикалық салдарлары қарастырылды, сондай-ақ балама дауыс беру әдістерінің халықаралық стандарттары қаралды.
Конференция жұмысына Еуропа Кеңесі, Венеция комиссиясы, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Сайлау жүйелерінің халықаралық қоры, сондай-ақ Бельгия, Грекия, Ирландия, Мексика, Молдова, Словакия, Черногория, Швеция, Эстония сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдарының өкілдері және т.б. қатысты.
Сайлау процесінің түрлі аспектілері мен кезеңдері бойынша конференцияларды Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы жыл сайын еуропалық мемлекеттердің орталық сайлау органдарымен бірлесіп өткізеді, оларға Қазақстан Республикасы белсенді қатысып келеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

